Жамбыл облысында үш жылда 12 мектеп салынады

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Жайлы мектеп» ұлттық пилоттық жобасын іске асыру аясында 2023-2025 жылдары облыста 9500 оқушыға арналған, құны 61 миллиард 165 миллион теңгені құрайтын жаңа форматтағы 12 мектеп салынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың айтуынша, Байзақ, Жамбыл, Меркі аудандарының әрқайсысынан – 1, Тараздан – 4, Қордай ауданынан – 3, Шу ауданынан – 2 жайлы мектеп бой көтереді. Бұл мектептердің жетеуінің құрылысы биылға, бесеуінің құрылысы 2024 жылға жоспарланған.

Жалпы, жайлы мектептердің басқа мектептерден айырмашылығы, онда пәндік кабинеттер мен зартханалармен қамту, жоғары және бастауыш сынып оқушылары үшін бөлек оқу блоктары мен спорт залдарының болуы, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін барлық жағдайлар қарастырылады.

Айта кетейік, бұған дейін Таразда жыл басынан бері 75 оқушы үйінен қашып кеткенін жазған болатынбыз. Тараз қаласының прокуроры Нұржан Боранбаевтың айтуынша, үйлерінен қашқан жеткіншектердің 44-і қыз бала болса, 31-і ұл. Жалпы, Тараз қалалық полиция басқармасының профилактикалық есебінде 161 кәмелетке толмаған жасөспірім тұр.


Соңғы жаңалықтар