+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Жамбыл облысында үш айда 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

2020 жылғы 14 қыркүйек 05:15
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында үш айда 2 тоннаға жуық есірткі тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Қарасора-2020» Жедел алдын алу шарасы барысында екі тоннаға жуық есірткі заты анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Атыраулық тұрғын жатын бөлмесін жылыжайға айналдырып, есірткі өсірген Қарағанды тұрғыны 76 млн теңгеге синтетикалық есірткі әзірлеген


Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 1 маусымда басталған «Қарасора - 2020» жедел алдын алу шарасының үш айы ішінде Жамбыл облысында есірткіге қатысты 209 факті анықталды.

Атап айтсақ, 209 фактінің 30-ы ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде сақтау), 12 факті ҚР ҚК 297-бабы бойынша (есірткі құралдарын өткізу), 2 факті ҚР ҚК 286-бабы бойынша (есірткі құралдарының контрабандасы), 22 факті ҚР ҚК 300-бабы бойынша (құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіру), 85 факті ҚР ҚК 296-бабы 1-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын пайдалану), 44 факті ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау), 14 факті ҚР ҚК 296-бабы 3-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын ірі мөлшерде заңсыз сақтау) расталған», - делінген ведомство хабарламасында.

Барлығы заңсыз айналымнан екі тоннаға жуық түрлі есірткі заттары тәркіленген. Оның ішінде 1 тонна 900 келіден астам марихуана, 27,5 келіге жуық гашиш, 1 келі синтетикалық есірткі және 2 келіге жуық канабис шайыры бар.

Сондай-ақ, жуырда ғана, яғни, 8 қыркүйек күні Жамбыл облысы ПД ЖПБ қызметкерлері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» трассасында ЖПД-мен бірлесіп Lada Grant автокөлігін тоқтатып, тексеріс барысында Барон атты қызметтік ит 32 жастағы алматылық жүргізушіден салмағы 226,5 грамм гашиш пен 820 грамм кептірілген марихуананы тапқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT