Жамбыл облысында ұлттық ат спортынан ел чемпионаты басталды
2017 жылғы 10 сәуір 13:57

Жамбыл облысында ұлттық ат спортынан ел чемпионаты басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпионат сәуірдің 10-15-і күндері Бектөбе ауылындағы "Атшабар" ипподромында өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Жастар арасындағы жарыстарға 1997-2000 жылдар аралығында туған жасөспірімдер қатысады. Олар спорттың төрт түрінен - көкпар, аударыспақ, жамбы ату және теңге ілуден өзара сайысқа түседі. Чемпионатқа 12 облыстан 240 спортшы қатысады деп күтілуде", - деді Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай бүгінгі брифингте

Ал сәуірдің 12-14-інде Шымкент қаласында көркем гимнастикадан ҚР Кубогы мен кезекті жастар ойындары өтеді. Оған барлық өңірлерден 360-жуық спортшы қатысады. Сондай-ақ, сәуірдің 14-і күні Павлодар облысында Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батырбек Сейсенбаевты еске алуға арналған дзюдодан xалықаралық турнир ашылады.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Жұманбай депутаттардың осы аптадағы жұмы кестесін жариялап, бірқатар мемлекеттік орган басшыларыны аймақтарды аралайтынын жеткізді.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT