Жамбыл облысында түрме аумағынан «курьер-дрон» ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша жоғары ТЖ-158/4 мекемесінің аумағына дронмен тыйым салынған заттар берілмек болды. Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері «курьер-дронды» түрменің іргелес аумағында, әкімшілік ғимараттың артында байқап, ұстаған. Дронға пластикалық бөтелке байланған, ішінен телефондар табылды.

«Аталған факті бойынша Тараз қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақырылды. Аутопсия кезінде екі смартфон анықталды. Аппаратты іске қосқан адамды кезекші наряд таппады. Қызметтік тексеру тағайындалды», - деді ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы Теңізжан Жәнібеков.

Еске сала кетейік, Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды беру әрекеті «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 481-тармағына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.


Соңғы жаңалықтар