+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Жамбыл облысында туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылғы 6 мамыр 01:51
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында туризм басқармасына жаңа басшы тағайындалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыстық туризм басқармасының басшысы болып Ғани Майлыбаев Айдарұлы тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ғани Майлыбаев 2004 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін (бакалавр) қаржы мамандығы бойынша, 2010 жылы осы университетті «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша тәмамдаған. РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясының «Аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі, бас есепшісі болып бастаған.

2010 жылдан 2013 жылға дейін - «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Алатау аудандық филиалының заңгер-кеңесшісі, 2013 жылдан 2014 жылға дейін - «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Алатау аудандық филиалының кеңесшісі; 2014 - 2015 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары; 2015 - 2019 жылдары - Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары; 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT