Жамбыл облысында туристік нысандардың саны 65-ке жетіп, 45 жаңа бағдар әзірленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Әлемде орын алып отырған эпидемиологиялық жағдайға қарамастан Жамбыл облысына келіп жатқан туристер легінің өсу динамикасы байқалуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы уақытта 3 жыл ішінде шет ел және отандық туристер санын кем дегенде 20 пайызға көбейту көзделіп отыр.

Жамбыл облысы туристерді бірден-бір қызықтыра алатын, көне ескерткіштері мол, туризмді дамытуда үлкен мүмкіндіктері бар өлке екені сөзсіз.

«Ағымдағы жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жамбыл облысында туризм саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған стратегиялық жоспары» әзірленді. Бұл жоспар бізге алдағы жылдардағы негізгі міндеттерді айқындап берді», - деп мәлім етті бүгін «ӨКҚ» ақпарат алаңында өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігі туризм басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жомарт Хажы баяндады.

«Бірінші кезекте қазіргі заманғы туристік инфрақұрылымды одан әрі кеңейту мақсаты тұр. Қазіргі таңда облыс аумағында орналасқан туристік нысандарда абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

«Биназар», «Қырбас», «Құралай сұлу» кесенелеріне алып баратын автожолдардың ақаулық актілері жасалынды. Шу ауданы аумағында орналасқан «Баласағұн» қалашығына апаратын автожол салу құрылысының жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, келесі жылы қолданысқа берілуі күтілуде»,-деді Жомарт Хажы.

Спикердің айтуынша, биыл негізгі туристік нысандардың саны 37- ден 65-ке көбейіп, 45 жаңа туристік маршрут әзірленген. Олар бойынша келесі жылы туристерге экскурсиялық-ақпараттық, ұйымдастырушылық қызмет көрсететін, кәсіби даярлықтан өткен гид-экскурсоводтардың санын Жамбыл облысының әкімдігі мен облыстағы жоғары оқу орындары арасындағы туризм саласында ынтымақтастық орнату бойынша меморандумдарға сәйкес 50-ге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, ұзақ мерзімді жобаларға материалдық ресурстар салуға дайын бизнес өкілдерін ынталандыру бойынша жағдайлар жасау қажеттігі айтылды.

«Облыс аумағындағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бойында 63 сервис нысаны орналасқан, оның ішінде 35 нысан Қазақстан Республикасының ұлттық стандартының талаптарына сәйкес келеді, ал 28 нысан бойынша сәйкестендіру жұмыстары жалғасуда.

Сонымен қатар, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында 8 сервис кешенінің құрылысы жоспарға енді»,- деді Ж.Хажы.


Соңғы жаңалықтар