Жамбыл облысында түнгі рейд: Полицияға 120 жасөспірім жеткізілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында түнгі рейд барысында ішкі істер органдарына 120 жасөспірім жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәртіп сақшылары түнгі көңіл көтеру мекемелері бойынша жасөспірімдерді іздестіруге қатысты кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бірнеше күн ішінде полицейлер көшеде және ойын-сауық орындарында болған кәмелетке толмаған 120 жасөспірімді анықтады.

«Екі жасөспірім мас күйінде, төрт жасөспірім кафеде және 116-сы заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болған. Кәмелетке толмағандар арасында қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары және колледждердің 1-курс студенттері бар. Олардың әрқайсысы ата-аналарына тапсырылып, профилактикалық түсіндірме жүргізілді. Ал бірқатырына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды», – деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова.

Кәмелетке толмағандардың бес заңды өкіліне қатысты ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік хаттамалар жасалды. Қылмыс жасағаны үшін екі жасөспірім есепке алынды. Сондай-ақ, үш бала тұратын екі қолайсыз отбасы анықталды.
Айта кетерлігі, полиция қызметкерлері рейд барысында Тараз қаласы мен облыс аудандарының 83-тен астам ойын-сауық орындарын тексерумен қамтыды, 255 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Соңғы жаңалықтар