Жамбыл облысында тұмауратып ауырғандардың 60 пайызы - балалар

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында ЖРВИ және тұмау бойынша жағдай бірқалыпты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақта 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 2023 жылдың басына дейін ЖРВИ ауруының 41 072 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші - 3 579,4), оның ішінде тұмаудың 66 зертханалық расталған жағдайы бар.

Сондай-ақ тұмауға жатпайтын вирустық инфекциялардың (парагрипп, риновирустар, аденовирустар, респираторлық-синцитиалды вирустар) зертханалық расталған 25 жағдайы кездескен.

ЖРВИ-мен ауырған 41 072 жағдайдың 59,8% – 14 жасқа дейінгі балалар (24565), 2 798 - 1 жасқа дейінгі балалар (6,8%), 1302 - жүкті әйелдер (3,2%).

Облыста тұмаудан өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

ЖРВИ және тұмаумен, пневмониямен ауыратын науқастарға уақтылы стационарлық көмек көрсету үшін облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы және орталық аудандық ауруханалардың 11 инфекциялық бөлімшесі жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар