Жамбыл облысында тоқтатылған пойыз жолаушылары үшін шұғыл желі іске қосылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында нөсер жауын салдарынан теміржол көпірі шайылып кеткендіктен, алты жолаушылар пойызы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі .

15 тамызда 19 сағат 10 минутта ТЖД кезекші қызметіне Шу ауданында, Аспара ауылынан екі шақырым жерде, қатты жауын-шашынның түсуінен теміржол көпірі мен автожол астындағы су өткізу құрылыстарында су ағыны пайда болғаны туралы ақпарат келіп түскен.

Салдарынан республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының ұзындығы 68 шақырым, ені шамамен 3 метр болатын бөлігі сумен шайылып кеткен.

«Сондай-ақ, «Аспара-Шу» 3717 км қатынасындағы теміржол көпірінің тірек-негіздері жартылай шайылған.

Теміржолдың екі желісі жабылып, пойыздар қозғалысы тоқтатылған. Жамбыл облысы ТЖ департаментінде штаб ұйымдастырылды және 87262 51 41 67 нөмірінде жедел желі ашылды»,-делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Қазавтожол» АҚ күшімен барлығы 42 адам және 17 техника жөндеу - қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған.

Оқиға орнына ТЖД басшылығы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері ( 8 адам және 3 бірлік техника) жетті.

Жұмысты 16 тамызда таңертең аяқтау жоспарланған. Осыған байланысты келесі жолаушылар пойыздарының кешігуі күтіледі:

- No712 Шымкент-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол бағыты бойынша;

- No78 Маңғыстау - Алматы -2 бағыты бойынша ;

-No42 Атырау-Алматы-2 бағыты бойынша;

- No 23 Алматы -1 - Ақтөбе бағыты бойынша;

- No 29 Алматы -2 - Атырау бағыты бойынша;

- No33 «Алматы -2 - Ақтөбе» бағыты бойынша.


Соңғы жаңалықтар