Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыздар қозғалысы қалпына келді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Шығанақ-Шу учаскесінің Қияхты-Хантау аралығындағы пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолының» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін, 27 қараша күні сағат 9:07-де Жамбыл облысының Шығанақ-Шу учаскесіндегі Қияхты-Хантау аралығында байланыс желісінде кернеудің болмауына байланысты жолаушылар пойыздары жолда тоқтатылды.

Бұған дейін бұл учаскеде қатты жел (20 м/с дейін) жүк пойызындағы бос контейнерді жұлып әкеткен болатын. Құлаған кезде контейнер байланыс желісінің тірегіне зақым келтірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға бес жолаушы мен бес жүк пойызының кідірісіне әкелді. Тоқтатылған пойыздар жолаушылары оқиға туралы хабардар етілді. Оқиға салдарын жою үшін Шу станциясының жөндеу бригадасы жіберілді. Сағат 13:38-де пойыздардың қозғалысы қалпына келтірілді», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.


Соңғы жаңалықтар