+7 (701) 759 90 19
USD 425.59 EUR 505.43
RUB 5.61 CNY 64.83
Jańalyqtar

Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыз жолаушыларына қанша өтемақы төленеді

2018 жылғы 1 тамыз 12:31
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында тоқтап қалған пойыз жолаушыларына қанша өтемақы төленеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жүк пойыздарының рельстен шығуынан уақытша тоқтатылған 5 пойыздың жолаушыларына өтемақы төленеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Арман Сұлтанов ҚТЖ бас ғимаратында өткен брифингте мәлімдеді.

"ҚР Инвестициялар және даму министрлігі бекіткен жолаушылар мен жүкті тасымалдау ережесіне сәйкес, жолаушыларға жолда тұрған әрбір сағат үшін билет құнының 3 проценті төленеді. Бірақ, жалпы өтемақы билет құнынан аспауы тиіс", - деді ол.

Оның айтуынша, апат салдарынан жолда тоқтаған 5 вагонда 3200 жолаушы болған. Әзірге олардың ешқайсысы өтемақы алуға жүгінбеген.

Өтемақы алу үшін ҚТЖ АҚ билет кассаларына бару керек.

Еске сала кетсек, Сарышаған стансасында жүк пойыздары вагондары (Қашқантеңіз-Жастар аралығындағы Мойынты-Шығанақ бөлігінде келе жатқан №2009 пойыз) рельстен шығып кетіп, бес жолаушы пойызының қозғалысы тоқтатылған еді. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Вагондардың рельстен шығып кетуіне «Исткомтранс» ЖШС-на тиесілі 28-вагонындағы бүйір рамасының сынып кетуі себеп болған.

Заңға сәйкес, барлық келтірілген шығынды жүк вагонының иесі өтейді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да осы жағдайды тергеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT