Жамбыл облысында тоқпен балық аулағандар қолға түсті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жаппай жоятын, заңмен тыйым салынған тоқпен балық аулағандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Заңсыз балық аулаушылар «НЕРЕСТ» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қолға түскен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Охотзоопром» жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторларымен бірлесіп, Аса өзенінен заңсыз балық аулаған екі азаматты ұстады. Олар су жануарларын жаппай жоятын, заңмен тыйым салынған тоқ арқылы жұмыс жасайтын қармақты пайдалана отырып, балық аулаған. Жалпы салмағы 177 келі болатын балық, резеңке қайық және арнайы қолдан жасалған электрлі қармақ тәркіленді»,- делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі таңда бұл оқиға бойынша Жамбыл ауданының полиция бөлімімен ҚР ҚК 335-бабы 3-бөлігі 2,4-тармақшаларымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар