Жамбыл облысында террористік қауіптіліктің «қызылғылт сары» деңгейі белгіленді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында террористік қауіптіліктің «қызыл» деңгейі алынып, «қызғылт сары» деңгей белгіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы облыстағы жағдайдың тұрақталғанын мәлім етті.

«2022 жылдың 26 қаңтар сағат 00.00-ден бастап облыстың барлық аумағында терроризмге қарсы операциялар режимі тоқтатылады және террористік қауіптіліктің шекті («қызыл») деңгейі алынады, осыған байланысты барлық блок-бекеттер өз жұмысын аяқтайды.

Дәл осы уақыттан бастап облыстың барлық аумағында террористік қауіптіліктің жоғары («қызғылт сары») деңгейі белгіленеді.

Құқық қорғау және арнайы органдар жаппай тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушылары мен қатысушыларын, мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасауға және қару-жарақтарды тонауға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру шараларын жалғастыруда», - делінген штабтың хабарламасында.

Айта кетейік, террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейінде құқық қорғау органдарына қару-жарақ пен жарылғыш заттарды анықтау мақсатында көлік құралдарын тексеріп, қарауға рұқсат етіледі.

Шедел штаб тұрғындардан заңдылықты сақтауды, арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына түсіністікпен қарауды сұрады.


Соңғы жаңалықтар