Жамбыл облысында теміржол цистернасынан аммиактың төгілуі тоқтатылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Шу ауданының Шу стансасында Өзбекстан Республикасы - Шығыс Қазақстан облысының «Қорғау» стансасы бағытындағы № 2106 пойызының теміржол цистернасынан аммиактың төгілуі тоқтатылды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен.

Апатты жоюға №14 өрт сөндіру бөлімі, «ҚТЖ» ҰК АҚ жамбылдық жол бөлімі, «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, АІІБ-нің мамандары, жедел медициналық жәрдем бригадасы, аудандық прокуратура және ҰҚК бөлімінің өкілдері жұмылдырылды. Барлығы екі жүзден астам адам, сонымен бірге Шу стансасының өрт сөндіру пойызы, төрт көлік цистернасы және басқа техника қатысты. Бұзылған цистернаны негізгі құрамнан ағытылып, бөлек тұйық жерге апарылды. Онда өрт сөндіру көлігі цистерналары аммиакты суды себу әдісімен тұндыртты. Апатты жоюға 1 cағат 20 минут уақыт кетті, деп нақтылады облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен. Мамандар аммиактың төгілуіне цистернаның жоғарғы бөлігінде орналасқан кранның ашық қалуы себеп болғанын айтады. Ведомствода аммиак «Үлбі металл зауыты» АҚ үшін арналғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар