+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді

2021 жылғы 21 қыркүйек 14:03
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында таулы аумақтағы жану оқиғасының салдарын жою жұмыстары жалғасуда,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жолдарға жауапты 190 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды Жамбылда 3 тоннадан астам есірткі тәркіленді Ақтөбеде қоқыс полигоны өртеніп, ауаға азот диоксиді тарады

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының таулы жерлерінде орын алған өрт ауыздықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, өрт тұрғындардың от қолданудағы абайсыздығы салдарынан орын алған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 277 адам мен 42 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ұшу нәтижелері бойынша алдын ала есептеулерге сәйкес өрттің аумағы 650 гектарды құрайды, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен жеке құрамды биік жерге жеткізу бойынша ұшулар жүргізілуде. Қазіргі таңда жоғарыда аталған күштер мен құралдар таулы аумақтағы жану оқиғасының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда», -делінген ведомство хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT