Жамбыл облысында тәулік ішінде екі жасөспірім суға кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Жамбыл облысының су қоймаларында қайғылы жағдайлар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«16 шілде күні сағат 15:40-та құтқарушылар Тараздағы «Зербұлақ» демалыс орнындағы судан жағаға 13 жастағы жасөспірімнің денесін алып шыққан. Бала шомылуға арналған жерде суға батып кеткен. Сонымен қатар 13 және 14 жастағы екі қыз құтқарылды», - делінген ведомствоның хабарламасында.

Куәгерлердің айтуынша, ұл бала әпкесін аман алып қаламын деп соңынан суға сүңгіген.

Дәл сол тәулікте Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы ата-анасының қарауынсыз қалып қойып, Тараз қаласының маңындағы Талас өзеніне ағып кеткен 8 жасар баланың денесін іздестіруді бастап кетті.

«Кешкі сағат 21:00-де іздестіру шаралары аяқталды. Өкінішке орай, нәтиже болмады. Күннің жарық кезінде жалғастырамыз», - деді облыстық ТЖД өкілі.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2018 жылдың басынан бері өңірдің су қоймаларында арты қайғыға әкеп соққан 12 жағдай тіркелген.

Соңғы жаңалықтар