Жамбыл облысында тау шатқалындағы өрт сөндірілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Үш күнге созылған өрт сөндіру жұмыстарынан соң Жамбыл облысында тау шатқалындағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Облыстық ТЖД жедел штабы Т. Рысқұлов ауданының Ақыртас ауылдық округіндегі дала өртін сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қырғызстанмен шекаралық аймақтағы жалынды сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы 21 тонна су шашты.

«8 тамыз күні кешкі 18.00 шамасында өрт тұтанған аймақты айнала ұшып шығып, өрт ошақтарының барлығы сөндірілгеніне көз жеткіздік. Өртті сөндіруге 56 адам және бес техника жұмылдырылды», - дейді ТЖД өкілдері.

Департаменттегілердің айтуынша, бүгін таңғы бес жарымда 16 қызметкер өрт тұтанған аймақтарға жіберілген.

Еске сала кетейік, 5 тамыз күні Жамбыл облысының Ақыртас ауылдық округінде, Қырғызстанның Талас облысымен шекаралық аймақта құрғақ шөп өртенгені туралы хабарланған болатын. Жалын 200 гектар аумақты шарпыған. Тілсіз жаумен күресуге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 40 қызметкері мен үш техникасы жіберілген.

Көрнекі сурет

Соңғы жаңалықтар