Жамбыл облысында тасжолда жүк көлігі «ГАЗелді» соқты, қаза тапқандар бар

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында адам мерт болған тасжолдағы жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 тамызда Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Алматыға бет алған жүк көлігі жолдың жиегінде тұрған «ГАЗель» көлігінің артынан соққан. Соқтығысу салдарынан көлік жолдың жиегінде аударылып кеткен. 3 адам қаза тауып, біреуі ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы болған жерде тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланады», - деді құқық қорғау ведомствосының баспасөз қызметінен.

Айта кеткен жөн, кеше Жамбыл облыстық полиция департаментінде Жамбыл облысы жолдарында адамдар мерт болған жол апаттарының айтарлықтай өскені және өңірдегі жол қауіпсіздік ережелері мәселелері талқыланды. Талқылауға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанат Әбдірахманов, Жамбыл облыстық полиция департаментінің басшылығы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, БАҚ өкілдері қатысты.

Жамбыл облысының тасжолдарында жыл басынан бері 687 жол-көлік оқиғасы болған. Соның ішінде 90 адам қаза тауып, 1138 адам жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар