+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Жамбыл облысында Тасөткел су қоймасының сыйымдылығы арттырылуы мүмкін

2020 жылғы 11 тамыз 13:18
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында Тасөткел су қоймасының сыйымдылығы арттырылуы мүмкін

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысы Шу ауданындағы «Тасөткел» су қоймасының сыйымдылығын 1 миллиард текше метрге дейін ұлғайту көзделуде. Бұл туралы аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев аталған ауданда су қоймасының жай-күйімен танысу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Шардара су қоймасы жөндеуден өткен соң 7 балдық жер сілкінісіне шыдас бере алады Жамбыл облысында қарасора өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

Ағымдағы вегетативті маусымда шаруалар суару суына қатысты қиын жағдайды бастан өткеруде. Өзендер таяз болып, қоймаларында судың аз мөлшері жиналған. Бұл, шамамен 200 миллион текше метр ылғал жиналған Шу ауданындағы Тасөткел су қоймасының техногендік резервуарына да қатысты.

Дегенмен, «Қазсушар» РМК облыстық филиалының басшысы Қазыбек Бедебаевтың айтуынша, бұл ағымдағы жылы жергілікті шаруашылықтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жеткілікті болуы тиіс. Бүгінде мұнда бөгетті сейсмикалық тұрғыдан нығайту және қоймаға ылғал артығымен толған жағдайда авариялық су ағызу жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.

Алайда, оған әлі ерте. Өйткені, сыйымдылығы 620 миллион текше метр болатын қоймаға ылғал мол болған жылдардың өзінде 540 миллион текше метр су жиналғандығы байқалған. Оған қоса, аталған жоба өте қымбат, құны 1,9 миллиард теңгеге бағалануда.

«Егер қоймада көп мөлшерде су болмаса, онда авариялық су ағызу неге керек? Қазір біз үшін ең бастысы – ылғалдың мүмкіндігінше көп мөлшерде сақталуын қамтамасыз етіп, су мәселесінде көршілерге деген тәуелділікті жою. Сондықтан мәселені ауқымды түрде шешу керек», - деді аймақ басшысы.

Оның пікірінше, Тасөткел су қоймасының сыйымдылығын 1 миллиард текше метрге дейін ұлғайту бағытында жобаны қайта қарау қажет. Ол суармалы жерлердің көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік бермек. Бұл мол өнім жинау, жаңа жұмыс орындарын құру және жамбылдықтарды өз азық-түлігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көктемгі су тасқыны кезде құмға су жібермес үшін, резервуардың түбін тазалап, бөгеттің қабырғасын биіктету керек. Өңір басшысы эскиздік жоспарды әзірлеу үшін жобалаушыларды шақыруды тапсырды.

Сондай-ақ, Бердібек Сапарбаев құны 1,6 миллиард теңге болатын «А&Т энерго» компаниясының су электр станциясының екінші кезеңінің құрылыс барысымен танысты. Ол жоба бойынша станция қуаттылығы 4,6-дан 9,2 МВт-қа дейін еселенбек. Бүгінгі күні өндірілетін энергия Жамбыл электр желілері жүйесіне жіберіледі десек, ал энергетикалық компания жыл сайын аудандық бюджетке 100 миллион теңгеге дейін аударады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT