Жамбыл облысында суға кеткен баланың денесі табылды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Талас өзеніне ағып кеткен 8 жасар баланың денесі екі күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 16 шілде күні күндіз Тараз қаласының маңында Талас өзеніне батып кеткен 8 жасар баланың денесін іздеуге құтқарушылар, баланың туыстары, еріктілер жұмылдырылған болатын.

2-сыныпта оқитын Әлім Шілязов өзен жағасында ата-анасымен бірге демалып жатқанда. Балдырғанды су ағызып әкете бастағанда, ата-анасы оған жете алмай қалған.

«Баланың денесі бүгін 14:00-де табылды. Оны Талас өзенінен төмен екі шақырым жерден, «Бөбек» балалар шипажайының маңынан туыстары тапты. Куә болғандардың айтуынша, баланы су ағызып әкетер сәтте анасы онымен бірге шомылып жүрген, ал әкесі өзен жағасында болған», - деді «ҚазАқпарат»  ХАА тілшісіне облыстық ТЖД баспасөз қызметінің басшысы Сәуле Мұңатаева.

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2018 жылдың басынан бері өңірдің су қоймаларында арты қайғыға әкеп соққан 12 жағдай тіркелген.

 

Соңғы жаңалықтар