Жамбыл облысында спорт алаңына бөлінген ақшаны жымқырған ауыл әкімі сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджет қаражатын жымқырған Жамбыл облысындағы Шу ауданына қарасты Бәйдібек ауылының әкімі 1,3 млн теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактісі бойынша Шу ауданы Дулат ауылдық округінің әкімі М. Әлімқұловқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Әлімқұлов Бәйдібек ауылына волейбол және шағын футболға арналған аула, балалар және ойын алаңдарын салу жұмысы бойынша нақты орындалмаған жұмыстар үшін 1 241 000 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын (залал сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өтелді) заңсыз аударып алған», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров.

Аудандық сотының үкімімен М.Әлімқұловқа 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Соңғы жаңалықтар