Жамбыл облысында селге қарсы шаралар өткізіліп жатыр (ФОТО)

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысындағы тасқын және сел жүруі мүмкін таулы аймақтарда селге қарсы шаралар өткізіліп жатыр, деп хабарлады аймақтық ТЖ бойынша департаментінің баспасөз қызметінен.

«Меркі ауданының елді мекендеріне сел ағындары қауіп төндіруі мүмкін. Таяуда Алматыда болған оқиға табиғаттың тосын мінезіне қашан да дайын болу керектігін көрсетті. 28 шілдеде Меркі аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері «Қазселқорғау» ММ филиалының мамандары және Қазгидрометтің Меркі аудандық филиалының мамандарымен бірлесіп таудағы Меркі өзенін зерттеді», - деп түсіндірді Меркі аудандық ТЖБ басшысы Рәміл Құрбанов.

Зерттеу барысында Меркі өзенінің Іле Алатауы тауларынан бастау алатыны анықталды.

Меркі өзенінің аңғарының төменгі жағында 50 нысан орналасқан, олардың иелерімен тұрғындардың тасқын және сел жүру кезінде әрекеттер бойынша нұсқау өткізіліп, жадынамалар таратылды, деп хабарлады Меркі аудандық ТЖБ-нен.

Соңғы жаңалықтар