+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

Жамбыл облысында сел қаупі бар мұздық көлдердің жай-күйі қандай

2021 жылғы 26 қыркүйек 07:29
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында сел қаупі бар мұздық көлдердің жай-күйі қандай

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының мореналық көлдеріне әуеден зерттеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі «Жамбыл облыстық пайдалану басқармасы» филиалының мамандары Қырғыз және Талас жоталарында теңіз деңгейінен 3306 м - 3612 м биіктікте орналасқан Жамбыл облысының сел қаупі бар мұздық көлдерін тексерді. Бұл жұмысқа «Қазавиақұтқару» АҚ «МИ-8» тікұшағы жұмылдырылды.


Алдымен Меркі ауданында орналасқан мұздық көлдер зерттелді. Атап айтсақ, Аспара өзені шыңындағы 10 көлге шолу жасалды. Зерттеу жұмысы ҚР ТЖМ «Казавиақұтқару» АҚ Eurocopter ЕС-145 тікұшағымен 2500-ден 3500 метр абсолюттік биіктікте жүргізілді.

Сондай-ақ, Меркі, Астаукөл, Көккөл, Бұзылған көл, Сарыкөл, Қарақыстақ, Кіші, Шалсу, Көксай, Ақсай көлдері зерделенді. Бұлардың басым бөлігі теңіз деңгейінен 3000 метрге жуық, немесе одан асатын биіктікте орналасқан. Кейбірі бастау көздерін тау шыңдарындағы мұздықтардан алады, ал кейбірінің бастау көздері мұздықтарға жақын маңда.


«Жүргізілген аэрошолу зерттеу жұмысы бойынша Талас жотасындағы сел қауіпті өзендер алабтарында мұздықтардың едәуір кемігені, мұздық көлдердің тартылғандығы байқалады. Бүгінгі күнге сел жүру қаупін тудырмайды, дегенмен тоқтаусыз жауған жауын-шашын әсерінен өзендердің деңгейлерінде өзгерістер күтілуі мүмкін», - дейді Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты Ержан Әбдірәимов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT