Жамбыл облысында рақымшылыққа ілінген 20 адам түрмеден босатылады
2016 жылғы 28 желтоқсан 18:08

Жамбыл облысында рақымшылыққа ілінген 20 адам түрмеден босатылады

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Рақымшылыққа бойынша Жамбыл облыстық жалпы режімдегі колонияда жазасын өтеп жатқан 20 адам түрмеден босатылып, үш жүз адамның жазасын өтеу мерзімі қысқарады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

«Жалпы, облыс бойынша рақымшылық бойынша 20 сотталушы босатылады, деп айтты ҚазАқпаратқа облыстық прокуратураның 7-ші басқармасының басшысы Секер Бүркітбаев. - 300 сотталушының жазасын өтеу мерзімі ширек есе қысқарды».

Рақымшылыққа - жеңіл қылмысы үшін отырғандар (3 адам) және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін жазаланғандар (17 адам) ілікті, деп атап өтті С.Бүркітбаев. Ол жазаланушылар арасындағы жамбылдық шенеуніктердің рақымшылыққа ілікпегендіктерін айтты.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT