USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып, жолаушылар жолда қалды

2021 жылғы 7 ақпан 01:31
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып, жолаушылар жолда қалды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар станциясында «Шу-Алматы» бағытындағы жүк пойызының 10 платформасы рельстен шығып кетті. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы метрополитені 8 пойызбен толықты

«Жамбыл облысы Қордай ауданында «Бел-Аңырақай» аралығының 3858-шақырымында «Шу-Алматы» бағытындағы № 2534 жүк пойызының 10 бос платформасы (барлығы 54 бос платформа болған) рельстен шығып кетті, оның 7-еуі бүйіріне аударылды, 3-еуі рельстен тайды», - делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға салдарынан Отар станциясында жолаушылар пойыздарының кідірісі орын алды.

Атап айтқанда:

- «Алматы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы № 3 жолаушылар пойызы 4 сағат 45 минутқа (167 жолаушы, оның ішінде 3 бала, 18 вагон);

- «Алматы-Петропавл» бағытындағы № 15 жолаушылар пойызы 2 сағат 37 минутқа (445 жолаушы, оның ішінде 43 бала, 16 вагон);

- «Алматы-Атырау» бағытындағы № 41 жолаушылар пойызы 1 сағатқа (227 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 17 вагон);

- «Алматы-Қостанай» бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы 30 минутқа (200 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 19 вагон) кешіктірілді.

«Төтенше жағдайдан қаза болғандар мен зардап шеккендер болған жоқ.

Сағат 20.00-де ТЖД-ның жедел желі номері іске қосылды. Отар бекетінде Жедел медициналық көмек ауруханасы кезекшілік атқаруда.

Сағат 21.30-да тақ жолдағы жолаушылар пойыздарының қозғалысы қалпына келтірілді.

Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары «ҚТЖ» ҰК» АҚ күшімен жүргізілуде. Оған 50 қызметкер, 6 бірлік техника және Шу мен Алматы станцияларындағы 2 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылған», - дейді ТЖД баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, оқиға орнына облыстық ТЖД-ның – 4 және полицияның 6 қызметкері аттанған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT