Жамбыл облысында полиция бақылау камерасының көмегімен 182 қылмысты ашты

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жедел басқару орталығында Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовтің төрағалығымен қауіпсіздік шараларын арттыру мәселелері бойынша кеңес өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанат Сүлейменов бес айдың ішінде Жедел басқару орталығындағы 102 операторының хабарламасы бойынша 182 қылмыс ізін суымай ашылғанын мәлім етті. Орталық операторларының қырағылығы нәтижесінде 52 қылмыс ашылып, 10 898 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

«Ішкі істер министрінің полиция қызметкерлерінің алдына қойған сегіз міндетінің бірі – жедел басқару орталықтарымен бірлесе отырып, қоғамдық орындарда, елді мекендерде және жолдарда қауіпсіздік жүйелерін дамытуға бағытталған. Сырттай бақылау камералары құқық бұзушылықтарды тіркеуге, қоғамдық орындардағы жедел жағдайды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қылмыстар мен оқиғалар туралы хабарламаларды қабылдау бойынша жұмыс автоматтандырылған», - деді облысы полиция департаментінің бастығы.

Жанат Сүлейменовтің айтуынша, өткен жылы Тараз қаласының жаңа массивтер мен шағын аудандарын енгізу бөлігінде Жедел басқару орталығының электронды картасын жаңарту жүзеге асырылған. Биыл ЖБО электронды картасын жаңғырту жоспарланып отыр. Карта Ішкі істер министрлігінің деректер базасымен синхрондалады.


Соңғы жаңалықтар