Жамбыл облысында пайдаланусыз жатқан 400 мың гектарға жуық жайылымдық жер анықталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында пайдаланусыз жатқан 400 мың гектарға жуық жайылымдық жер анықталған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мәселелері Жамбыл облысы әкімдігінің тұрақты назарында. Жыл басында салалық басқармалар мен аудандық әкімдіктерге пайдаланусыз жатқан жерлерді айналымға қайтару бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылған болатын. Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы тапсырманың орындалу барысы талқыланды.

Жер қатынастары басқармасы мен жер инспекциясы өкілдерінің деректеріне қарағанда, жоспар бойынша 70 мың гектар жердің орнына бүгінде 72155 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Оның ішінде 5390 гектары - егістік және 66765 гектары - жайылымдық.


Жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Әбілқайыр Тамабектің айтуынша, кейбір әкімдіктер пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің көлемі туралы нақты цифрларды жасырып, жалған мәліметтер жолдайды.

Айталық, жалпы, облыс бойынша пайдаланусыз жатқан 400 мың гектарға жуық жайылымдық жерлер анықталған десек, жергілікті әкімдіктердің жолдаған көрсеткішіде ол бар-жоғы 107 гектарды құраған. Сондай-ақ, тексерушілер көптеген иесіз жерлерді анықтады. Мысалы, Меркі ауданында 1247 гектар, Талас ауданында 1193 гектар, ал Қордай ауданына 559 гектар осындай жер белгілі болған.

Жиынға онлайн байланыс арқылы қатысып отырған жұмысы сылбыр аудан әкімдері тапсырманы жыл соңына дейін орындауға уәде берді.

Бердібек Сапарбаев аудан әкімдерінен ауыл шаруашылығы жерлеріне бір ай ішінде толық объективті тексеріс жүргізуді талап етті.

«Жер айналымда болуы керек, оны ұтымды ұқсатып, барынша өнімділік тұрғыда пайдаланған абзал. Бізге егіс алқабын кеңейту,

ауыспалы егістік бойынша жұмыстар жүргізу қажет. Біз өңірімізді өз өнімдерімізбен толық қамтамасыз етуге күш салуымыз керек. Азық-

түлік қауіпсіздігі – қазіргі кездегі маңызды мемлекеттік міндеттердің бірі», - деп атап өтті аймақ басшысы.


Соңғы жаңалықтар