Жамбыл облысында Оралхан Бөкейге арналған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында әдеби сөздің шебері - Оралхан Бөкейдің шығармашылығын насихаттау мақсатымен облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы болып өтті.

Қордай аудандық Мәдениет үйінің сахнасында облыстың барлық аудандарында іріктеу кезеңінен өткен байқауға қатысушы 11 адам Оралхан Бөкей, сондай-ақ танымал қазақ ақын-жазушылардың көркем және драмалық шығармаларының үзінділерін жатқа оқыды.

Ақындар жарысына 16 жас және одан ересек студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.

Байқау Оралхан Бөкей шығармаларының композициясымен ашылды. Қатысушылар оның, сондай-ақ М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, М.Шаханов, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтің шығармаларынан үзінділер оқыды.

Облыстық байқау қонақтарының арасында жазушының қарындасы, қазіргі кезде ҚР Ұлттық Академиялық кітапхана директорының оқырмандарға қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Ғалия Бөкейқызы Исаханова болды.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында жамбылдық тілшілер, әдебиетшілер болды.

Оралхан Бөкейді еске алу байқауының бас жүлдесін Тараз қаласында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің студенті Әшімжан Жәнібек иеленді. Енді ол облыс абыройын республикалық байқауда қорғайды.

Облыстық байқаудың жеңімпаздарына дипломдар, алғыс хаттар және ақшалай сыйлықтар табысталды, деп нақтылады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар