Жамбыл облысында Өнер мектебінің директоры пара алды деп айыпталды

None
None
ШУ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Өнер мектебінің директоры пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің Өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мекемесінің директорына қатысты жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген ҚР Жемқорлыққа қарсы қызметінің мәліметінде.

Білім мекемесінің басшысы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында қолөнер дисциплинасынан сабақ беретін педагогты жұмысқа қабылдағаны үшін 150 мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталуда.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады», - деді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар