Жамбыл облысында «Нұр Отан» партиясының ғимараты өртенді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы Шу ауданындағы «Нұр Отан» ғимаратының астыңғы қабаты жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ТЖД сілтеме жасап.

«Ведомствоның хабарлауы бойынша, өрт аудандық «Нұр Отан» партиясы ғимаратының бірінші қабатынан шығып, 36 шаршы метр аумақты қамтыды. Тілсіз жау кабинеттегі жиһаз бен техниканы бүлдіріп, ғимарат іші қою қара түтінге толды. Сегіз адам қауіпсіз жерге көшірілді, ешкім зардап шеккен жоқ»,-деп хабарлайды аудандық ТЖ қызметі.

Өртті сөндіруге 11 адам мен үш техника жұмылдырылып, 10 минуттың ішінде тілсіз жау ауыздықталды. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар