Жамбыл облысында Nur Otan ғимаратын өртеді деген күдікті Нұр-Сұлтаннан ұсталды
2022 жылғы 31 қаңтар 15:11

Жамбыл облысында Nur Otan ғимаратын өртеді деген күдікті Нұр-Сұлтаннан ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қаңтар оқиғаларынан кейінгі «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасында 4 мыңнан астам қылмыс ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрлігі 19 қаңтарда төтенше жағдай режимі жойылған соң, еліміздің барлық өңірлерінде «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өтетінін жариялаған еді.

Аталған шараны өткізу кезеңінде 4 мыңнан астам қылмыс тіркелген, оның ішінде 300-ден астамы қоғамдық орында және 80-і көшелерде жасалған.

«Әсіресе ең көп қылмыс Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстарында, Алматы және Шымкент қалаларында жасалған. 2 700-ден астам қылмыс «ізін суытпай» ашылды»,- деді ҚР Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Бағланбек Айтпаев министрлікте өткен брифингте.

Мысалы, спикердің айтуынша, 19 қаңтарда Ақтөбеде полиция қызметкерлері бұрын сотталған екі азаматты «ізін суытпай» ұстады.

Олар түнде медициналық бетперде киіп «Qazaq Oil» жанармай құю станциясына барып, жанармай құюшы мен кассирді пышақпен және балғамен қорқытқан және 100 мың теңгеден астам ақша мен ұялы телефонды алып кеткен.

21 қаңтарда ШҚО Үржар ауданы Бақты ауылының шетінде карабинмен жеке кәсіпкерді атып өлтірген тұрғын ұсталды.

Миинстрлік өкілі хабарлағандай, бұрын жасалған 700-ден астам қылмыс, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар да ашылған.

Іздеуде жүрген 107 қылмыскер ұсталған.

«Мәселен, жаппай тәртіпсіздікке қатысқан сондай-ақ қызметкерлер мен әскери қызметшілерге қарсы қылмыс құралы болған металл арматура таратқан Алматы қаласы мен Алматы облысының алты тұрғыны ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Нұр-Сұлтанда мемлекетаралық іздеуде жүрген Жамбыл облысының тұрғыны, 5 қаңтарда Жамбыл облысы Шу ауданы Төле би кентінде Nur Otan партиясының әкімшілік ғимаратын өртеуге қатысқан азамат ұсталды», - деді Бағланбек Айтпаев.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT