Жамбыл облысында неміс компаниясы алтын өндіретін кәсіпорын салмақ

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық әкімдігі германиялық бизнес өкілдерімен Қордай ауданында ірі тау-кен металлургия комбинатын салу жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетейік, жобаның идеясы 2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Германияға барған сапарында неміс инвесторларын Қазақстандағы жобаларға қатысуға шақырған кезде туған болатын. 2016 жылы Таразда өткен «Taraz Invest - AgroChemical Day» инвестициялық форумында Жамбыл облысы әкімдігі Германияның «Aurum Deutschland AG» тау-кен өндіру компаниясы арасында тау-кен металлургия комбинатын салу туралы меморандумға қол қойылған.

Комбинаттың құрылысын 2019 жылы бастау жоспарланған. Өндіріс процесінде компания Германияның алтын өндірудің соны технологиясын сынақтан өткізуді ойластырған.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовпен өткен кездесуде «Aurum Deutschland» ЖШС (Aurum Deutschland AG компаниясының еншілес кәсіпорны) бас директоры Юрий Фадеев биыл Қордай ауданындағы Шоқпар және Гагарин кен орындарында алтын өндіру кәсіпорнын салу жұмыстары басталуы тиіс екендігін атап көрсетті.

Болашақ комбинатқа 160 гектар жер беріледі. Алтын кеніндегі зауыттың жоспардағы қуаты жылына 5 100 тонна алтын. Қордай ауданында құрылыс кезінде кем дегенде 5 мың, ал зауытты пайдалану кезінде мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Автор: Галина Скрипник

Соңғы жаңалықтар