Жамбыл облысында музейге Түргеш заманындағы тиындар тарту етілді

None
Фото: Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің баспасөз қызметі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысының Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейі Түргеш қағанаты тұсындағы көне тиындармен толықты, деп жазады ҚазАқпарат тілшісі.

Сан ғасырлық тарихы бар құнды жәдігерді музей жанашыры Гүлназ Әлімқұлова тапсырған.

«Тиындардың бір бетінде Түргеш тайпасының таңбасы түсірілген, келесі бетінде соды тілінде жазба түскен. Ал қақ ортасында ромб тәріздес тесігі бар. Тарихқа үңілер болсақ, мұндай ақшалар VІІІ ғасырда Түргеш қағанатының билік құрған тұсында Тараз және Суяб ақша сарайларында соғылып отырған», дейді Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы Айдана Шотбасова.

«Музейге сый» акциясы аясында табысталған жәдігер музейдің нумизматикалық коллекциялар қатарына қосылды.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы қолөнершілерінің бұйымдары АҚШ-тағы көрмелерге қойылғаны туралы жазған болатынбыз


Соңғы жаңалықтар