Жамбыл облысында мұз астына түсіп кеткен екі бала мерт болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - 28 қарашада Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылының маңында тоғыз және алты жасар екі бала ойнап жүріп, суару каналында мұздың астына құлап көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олардың денесін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментіне қарасты жедел-құтқару жасағының үш сүңгуірі тереңдігі 3 метр судан шығарды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Аяз басталысымен су біртіндеп мұзға айнала бастайды. Алайда алғаш қата бастаған мұзға балалар мен жасөспірімдер барып, жиі ойнайтыны жасырын емес. Ал жұқа мұз өте қауіпті.

«Құрметті ересектер қауымы! Балаларыңызға абай болыңыздар! Мұз қатқан судың қаупі туралы балаларыңызға ескертуді ұмытпаңыздар. Балалардың бақылаусыз қалуына жол бермеңіздер. Су қоймасында ойнауына жол бермеңіздер. Оларды қараусыз қалдыру орны толмас өкінішке алып келуі ықтимал» деп ескертеді министрліктен.

Мұзда қайғылы жағдайлар қайталанбас үшін су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау қажет.

Мұз жаңа қата бастаған кезде мұз үстінде ойнауға, коньки тебуге тыйым салынады. Жұқа мұз осал болады. Адамның салмағын көтере алмайды.

Мұзда жүру кезінде абай болыңыз, мұз бетінде мұқият болыңыз, қауіпті және күдікті жерлерде жүрмеңіз. Қардың қалың қабатымен жабылған жерлерден сақ болуыңыз. Қар астында мұз әрқашан ашық жерлерге қарағанда, жұқа болады.

Егер сіз су айдынында қайғылы жағдайға куә болсаңыз немесе өзіңіз осындай жағдайға тап болсаңыз, шұғыл көмекке жүгініңіз.

Төтенше жағдайлар министрлігі балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді және мұзда ойнаудың қауіпті екендігін ескертеді.


Соңғы жаңалықтар