+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

Жамбыл облысында медицина мамандары тапшы

2019 жылғы 11 қыркүйек 23:32
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында медицина мамандары тапшы

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласының мамандары тапшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтің сапасына кадр тапшылығы тікелей әсер ететінін жеткізді.

«Мекемелердің тапсырысы бойынша 322 бос орын жарияланған болатын. Оны толтыру мақсатында республикадан 185 жас маман жолданғанымен, әлі де 130-дан астам маман қажет. Басқарма мұны өз бетімен келетін оқу орындарының түлектерімен толықтыруды жоспарлап отыр», - дейді М.Жаманқұлов.

Басқарма тарапынан облысқа қандай мамандар қажеттігі зерделеніп, нәтижесінде акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, неонатолог мамандарының тапшылығы анықталған. Осы орайда облыстық бюджеттен 8,7 миллион теңге бөлініп, 9 маманды оқыту жоспарлануда.

Мамандар тарту үшін әлеуметтік жағдайдың жасалу маңызы да зор. Бұл мақсатта биыл жас мамандарға 100 мың - 800 мың теңгеге дейін әлеуметтік көмек түрін көрсету жоспарланған. Сондай-ақ, тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін 1500 АЕК аспайтын несие, 100 АЕК-ке тең сомада көтерме жәрдемақы көзделген.

Сондай-ақ, айта кету керек, былтыр өңірдегі медициналық нысандарды жабдықтауға бюджеттен 2,3 миллиард теңге бөлініп, 900-ден астам аппарат сатып алынған. Ал биыл 1,7 миллиард теңгеге 300-ден аса медициналық техника алынса, алдағы екі жылда 1,1 миллиард теңгеден аса сомаға 321 бірлік техника алу жоспарланған. Осылайша, Мемлекет басшысының жергілікті жерлердегі емханаларды 100 пайыз медициналық құрал-жабдықтармен қамту тапсырмасын орындау көзделіп отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT