Жамбыл облысында мас жүргізуші велосипедшіні қағып өлтірді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мас жүргізуші велосипед айдап бара жатқан 20 жастағы жігітті қағып өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл облысы Шайқорық ауылының 37 жастағы тұрғыны бұған дейін көлікті мас күйінде басқарғаны үшін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Соған қарамастан ішімдік ішіп, «Ауди-80» автокөлігінің руліне қайта отырған ол, 20 жастағы велосипедшіні мерт қылды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды.
«Аталған дерек бойынша Жамбыл ауданының полиция бөлімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы 5-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік мас күйіндегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеу өндірісі басталды. Көлік құралының жүргізушісі сол күні ұсталып, қамауға алынды», - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Бұл дерек бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7-9 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы белгіленген.
- ШҚО-да қар көшкінінен «Өскемен-Алтай» трассасы жабылды
- Астанада алдағы күндері қандай мәдени шаралар өтеді
- Батыс Қазақстан облысында боранға байланысты көлік қозғалысы шектелді
- Қазақстандық банктер клиенттерге үндеу жолдады
-
4 оқушы қызды қаққан мас жүргізуші: Президент тергеуді өз бақылауына алды
-
Таразда жоғалған 15 жасар оқушы Алматыдан табылды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам