Жамбыл облысында мас күйінде көлік басқарған 35 жүргізуші анықталды
2021 жылғы 20 қараша 10:23

Жамбыл облысында мас күйінде көлік басқарған 35 жүргізуші анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мас күйінде көлік басқарған 35 жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылдық полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасын қорытындылады. Шара 10 күнге созылды.

«Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы ережесін өрескел бұзу деректерінің жолын кесті, оның ішінде мас күйінде көлік құралын басқарудың 35 дерегі анықталды.

Түнгі сағат 02:00 шамасында Тараз қаласының Пірманов және Плеханов көшелерінің қиылысында 38 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы «Тойота Карина» маркалы көлік тоқтатылған. Тексеру барысында полиция қызметкерлері жүргізушінің бұрын сот органдары тарапынан көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын, алайда соған қарамастан көлікті басқарып, мас күйде болғанын анықтады», - делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Құқық бұзушылықтың бұл түрі бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді.

Полиция қызметкерлері арнайы айып тұрағына Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін барлығы 123 көлікті қойды.


Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT