+7 (701) 759 90 19
USD 381.10 EUR 420.81
RUB 5.65 CNY 54.57
Jańalyqtar

Жамбыл облысында мас күйінде көлік айдаған шенеунік жазаланды

2019 жылғы 10 қыркүйек 09:13
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында мас күйінде көлік айдаған шенеунік жазаланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында бірнеше жеке істер қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейлік мемлекеттік қызметшілер түрмеде болып қайтты Амандық Баталов жұмыстан қуған шенеунік кетпейтін болды Ақтөбеде 200-ден астам мемлекеттік қызметшінің орны бос тұр

Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мемлекеттік қызмет саласын бақылау басқармасында мәлім еткендей, әдеп жөніндегі кеңес ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға қатысты тәртіптік істерді қарады.

Осылайша, Жамбыл облыстық Көліктегі тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы бөлімінің басшысы Әлмир Исенгелдин орташа мас күйінде көлік айдағаны үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

«Ә.Исенгелдин жасаған заңсыздығын жасырмай, басшылыққа іс-әрекеті жөнінде уақытында хабар бергені үшін әдеп жөніндегі кеңестің мүшелері оны ескерту түріндегі тәптіртік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс білдірді», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінде.

Ведомствода атап өткендей, ҚР Мемлекеттік қызметкерлерінің Әдеп кодексінің алғаш рет «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарында айтылған талаптары мен нормаларының сақталуы мемлекеттік қызметкер болу қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенімнің нышаны екенін білдіріп, мемлекеттік қызметкердің моральдық-этикалық бейнесіне және атқаратын кәсіби ісіне жоғары талап қояды.

Автор: Галина Скрипняк


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT