Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 428.94
RUB 5.93 CNY 56.70
Jańalyqtar

Жамбыл облысында қызылша дертіне шалдыққандардың саны 200-ден асты

2019 жылғы 16 сәуір 03:27 224
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында қызылша дертіне шалдыққандардың саны 200-ден асты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат -  Жамбыл облысында жыл басынан бүгінге дейін қызылша ауруына шалдыққандардың саны 214-ке жеткен. Аймақта қазіргі уақытта алдын алу шаралары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкенттік дәрігерлер инсульт алған әйелді ажалдан алып қалды Алдағы үш жылда 18 жылжымалы медициналық кешен сатып алынады

 Өңірдегі қызылшаға шалдыққандардың 75 пайызға  жуығы 14 жасқа дейінгі балалар. Дәрігерлердің айтуынша, бұл - балаларға уақтылы екпе жасамаудың салдары. Оның соңы аса қауіпті ауруларға әкеп соғуы мүмкін.

 «Аймақта жыл басынан бері 12 мыңнан аса адамға екпе жасалған. Дегенмен облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз күйінде қалып отыр. Ауырғандардың 65 пайызы қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Ал, олардың 13 пайызы екпе салудан үзілді-кесілді бас тартқан»,- дейді облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Күмісбек Рахимов.

  Бұл дерт  баланың жүйке жүйесіне қауіпті дейді дәрігерлер. Мамандар, қызылшаға шалдықпаудың ең тиімді әдісі екпе алу деп сендіреді. Екпе бала бір жасқа толғаннан кейін үш айдың ішінде, одан соң алты жасында тағы салынады. 

  Айта кетейік, бүгінде облысқа қызылшаға қарсы вакцинаның бірінші партиясы бойынша 25 мыңнан аса дозасы жеткізілген. Ол барлық аудандар мен екпе пунктілеріне толығымен таратылып берілген.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Медицина,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT