Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты аулаған браконьер ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Қызыл кітапқа енгізілген қарақұйрықты аулаған браконьер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 12 қарашасында «Охотзоопром» инспекторлары Жамбыл облысы Полиция департаментінің Мойынқұм аудандық полиция бөлімі және Жамбыл облысы Полиция департаментінің Шу ауданаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп жедел іс-шара өтізді. Жедел іс-шара барысында «Қарақыстық» жерінде қарақұйрықтың етімен 1986 жылы туған А. есімді азамат ұсталды», - деп хабарлайды комитеттен.

Еске сала кетейік қарақұйрық қызыл кітапқа енген аң саналады.

Аталған факт бойынша ҚР ҚҚ 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар