Жамбыл облысында қызметтік ит 38 жастағы әйелдің сарайынан есірткі тапты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер есірткі заттарының таралуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Допинг» республикалық жедел-іздестіру шаралары аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының тұрғыны - 38 жастағы әйелді ұстады.
Тексеру барысында «Бони» атты қызметтік ит оның тұрғын үйінің аумағында орналасқан сарайдан жалпы салмағы 2 келіден асатын өсімдік тектес затты тапты. Тәркіленген заттың есірткі екені анықталып, сараптамаға жіберілді.
«Ұсталған азаматша кінәсін мойындады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Мұндай қылмыс жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады», - делінген облыстық Полиция департаменті баспасөз қызетінің хабарламасында.
- Театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиева өмірден озды
- Түркістан: Армандар орындалатын қала
- Жамбылда тұрақтандыру қорында 3-6 айға жететін азық-түлік бар
- Қазақстандық зілтеміршілер Азия чемпионатын сәтті бастады
-
Қазақстанда бір жылда 45 мың бет дәрілік нұсқаулықтар аударылды
-
Қытайдағы тағы бір қандасымыз Токио Олимпиадасына жолдама алды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам