+7 (701) 759 90 19
USD 413.12 EUR 452.86
RUB 5.82 CNY 57.92
Jańalyqtar

Жамбыл облысында квазимемлекеттік секторды оңтайландыру мәселесі талқыланды

2020 жылғы 21 мамыр 23:35
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында квазимемлекеттік секторды оңтайландыру мәселесі талқыланды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте коммуналдық меншікті тиімді басқару мен иелік етуге байланысты мәселелер талқыланды. Онда осы саладағы жұмыстар мен кемшіліктер атап өтілді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде үкіметтік деңгейде мемлекеттік ұйымдар санын қысқарту, оларды бәсекелестік ортаға беру және әкімшілік шығындарды азайту міндеті қойылып отырғаны белгілі. блыста квазимемлекеттік сектор субъектілерін оңтайландыру, қайта құру және тарату бойынша жұмыс екі жыл бұрын басталды.

Отырыста қаржы басқармасының басшысы Роза Исаева хабарлағандай, 2018 жылы мемлекеттік органдарға қарасты ұйымдарды біріктіру және оңтайландыру арқылы 277 штат бірлігі, ал 2019 жылы тағы 790 бірлік қысқартылып, бұл өз кезегінде әкімшілік шығындарды тиісінше 210 және 252 миллион теңгеге үнемдеуге мүмкіндік берген. Штаттарды қысқарту негізінен бос орындар мен қызметкерлердің мөлшерлемелері мен функционалдық міндеттерін біріктіру есебінен жүзеге асырылған.

Қазіргі таңда облыстың коммуналдық меншігінде шаруашылық қызметімен айналысатын 939 комуналдық мемлекеттік мекеме, 309 мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын және 93 кәсіпорын бар. Квазимемлекеттік сектор субъектілерін бәсекелестік ортаға беру бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылдың басында жеке меншікке 2 млрд. теңгеге 15 ұйым сатылды, 12 ұйым кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, 7 ұйым бірігу жолымен жойылды немесе қайта ұйымдастырылды, 2 ұйым таратылу үстінде.

Сонымен қатар, облыс әкімі коммуналдық мүлікке иелік ету қызметі бойынша бірқатар сын-ескертпелер айтты. Ескертулердің бірі мемлекеттік қаражатқа салынған жаңа нысандардың құжаттарын рәсімдеуге қатысты болды. Облыс бойынша 2016-2018 жылдары салынған 74 нысанның әлі күнге дейін құжаттары рәсімделмеген. Тараз қаласында ондай - 30, Қордай ауданында - 11, Сарысу ауданында 7 нысан бар. Жергілікті тұрғындар үшін пайдалануға болатын бос бөлмелері бар нысандар мен ғимараттар да кездеседі. Ал, Тараз қаласында жаңа үйлердегі 580 пәтердің иесі табылмаған.

- Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар шешуі керек, ал қаржы басқармасы құрылыс, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармаларымен бірлесіп осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіруі керек. Мемлекет қаражатын тиімді пайдалану керек, ол айналымда болуы тиіс, - деді Б.Сапарбаев.

Жиында ғимараттар мен үй-жайларды жалға беруге қатысты мәселелер де қозғалды. Бұл тұрғыдағы көптеген кемшіліктер бар десек, оларды жою бойынша тиісті салалық ведомстволарға тапсырмалар жүктелді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Жамбыл облысы, Экономика,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қажы Мұрат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT