+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Жамбыл облысында құс тұмауы бойынша ахуал тұрақты

2020 жылғы 29 қыркүйек 20:33
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында құс тұмауы бойынша ахуал тұрақты

ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Жамбыл облысының Жуалы ауданында құс тұмауы анықталған бір ауылдық округ карантинге алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің ресми сайтында мәлім етілгендей, биылғы 23 қыркүйекте Жуалы ауданының Қаратас ауылында үй құстары арасында құс тұмауы анықталды. Осыған орай, Жуалы өңірлік инспекциясы Күреңбел ауылдық округінде карантин жариялады. Қаратас ауылының кіреберісіне шлагбаум және дезинфекциялық кедергі орнатылды.

Карантиндік режим аясында аурудың ошақтарын жою және оның одан әрі таралуын болдырмау бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді. Барлық мүдделі қызметтер мен бөлімдердің өзара әрекет ету алгоритмі ұйымдастырылды.

Соңғы мәліметтер бойынша, індеттен 410 құс өлген. Құстардың өлекселері арнайы бетон шұңқырда өртелді. Аталған орынды дезинфекциялау қолданыстағы талаптарға сәйкес жүргізілді. Ошақтың айналасындағы 2400 шаршы метр аумақтағы аулалар екі рет дезинфекциялаудан өтті. Жабайы құстардың ұшу бағыты бойынша орналасқан жеке шаруашылықтарда үй құстарын вакцинациялау жүзеге асырылуда.

Құстардың иесіне өтемақы төлеу үшін комиссия құрылған. Өтемақы республикалық бюджеттен төленеді.

Облыс бойынша Республикалық қордан 160 мың доза вакцина бөлініп, Жуалы ауданына 64,6 доза вакцина берілді. Сонымен қатар, су қоймасы және құс фабрикалары орналасқан Мойынқұм, Байзақ, Жамбыл, және Қордай аудандарына құс тұмауына қарсы егілетін вакциналары таратылып берілді. Қазіргі уақытта құстарға вакциналау жұмыстары жүргізілуде.

Облыста жеке қосалқы шаруашылықтарда барлығы 1 030 560 құс бар. Құс тұмауына қарсы вакцинация үшін республикалық резервтен қосымша 970 560 доза сұралды. Мониторинг қорытындылары бойынша құстардың өліміне қатысты басқа фактілер тіркелген жоқ.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында құс тұмауының эпизоотиялық жағдайы тұрақты. Жағдай облыс әкімдігі басшылығының күнделікті бақылауында.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT