Жамбыл облысында құрылыс нысандарына 22 млн теңге айыппұл салынды

None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жыл басынан бері 47 құрылыс нысанына жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізіліп, 22 миллион 770 мың теңгеге әкімшілік айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметі алаңында өткен брифингте Жамбыл облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қайрат Бисембаев айтты.

«Биыл 47 құрылыс объектісіне жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, 79 әкімшілік іс қозғалып, 22 миллион 770 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. 50 тапсырыс беруші, 18 мердігер мекеме, 1 жобалаушы, 7 техникалық қадағалаушы, нәтижесінде 28 нұсқама берілді. Ал былтыр 26 құрылыс нысанына тексеру жүргізіліп, 36 әкімшілік іс қозғалып, 8 миллион 879 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған болатын.

Басқармамен Жуалы ауданы Қайрат ауылындағы 149 орындық мәдениет үйінің құрылысына тексеру жүргізіліп, нысанның бас мердігері «ЕрК Астана» ЖШС-не әкімшілік іс қозғалып, сот шешімімен 1 380 000 теңге әкімшілік айыппұл салынып, лицензиясынан айырылды.

Сонымен қатар, 4 техникалық қадағалаушының аттестаттары 6 ай мерзімге тоқтатылды», – деді басқарма басшысы.

Бұған дейін «ТАРАЗ» футбол клубында 610 миллион теңге мақсатсыз жұмсалғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар