+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Жамбыл облысында КСРО құжатымен жүрген 33 адам анықталды

2020 жылғы 20 қараша 12:05
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында  КСРО құжатымен жүрген 33 адам анықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл полицейлері Қазақстан Республикасының аумағында құқықтық мәртебесі жоқ 172 адамды анықтады,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Тараздағы өрт: 5 адам  құтқарылып, 25- і эвакуацияланды Жамбыл облысының 22 жастағы тұрғыны бес жігітті атып кетті Таразда екі әйел кафеде төбелес шығарып, оқиға орнынан қашып кеткен

«Участок» жедел-алдын алу іс-шарасы және ҚР ІІМ нұсқауларын орындау аясында жергілікті полиция қызметінің және көші-қон басқармасының қызметкерлері бірқатар жұмыс жүргізді. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын жеке басын куәландыратын құжаттарынсыз немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортын уақтылы ауыстырмаған адамдарды анықтауға бағытталған-ды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, аулаларды аралау және ел аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің өзге мемлекеттің азаматтығына қатыстылығының дәлелі жоқ адамдардың құқықтық мәртебесін айқындауға бағытталған өзге де шаралар барысында 172 адам анықталды. Оның ішінде 33 тұлға КСРО паспорты бойынша, 68-і басқа құжаттар бойынша, 22-сі құжаттары жоқ, 30-ы шет мемлекеттің азаматтығынан шығуына байланысты азаматтығы жоқ деп танылған тұлға ретінде анықталған»,-делінген ведомство хабарламасында.

Бұл жұмыстардың барысы Жамбыл облысы ПД басшылығының тұрақты бақылауында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT