Жамбыл облысында көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды
2021 жылғы 4 желтоқсан 18:16

Жамбыл облысында көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында көпірден секірмек болған ер адамды көліктегі полиция қызметкерлері құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 желтоқсанда күндіз Шу қаласының 39 жастағы тұрғыны жемір жол вокзалының жаяу жүргіншілеріне арналған көпірінен секіріп кетпек болды. Оны өтіп бара жатқан адамдар байқап, желілік полиция бөліміне хабарлады. Оқиға орнына кезекші жедел тергеу тобы жіберілді. Полиция капитаны Әзілхан Ілиясов ер адаммен сөйлесіп, оны қауіпсіз жерге түсуге көндірді», - деп атап өтеді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Ведомство мәліметінше, ер адам анасымен және кәмелетке толмаған қызымен тұрады. Жұбайымен 7 жыл бұрын ажырасқан.

«Ол өз өзіне қол жұмсауға не итермелегендігін айтудан бас тартты. Оқиға кезінде ішімдік ішпеген. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (ұрлық) шартты түрде жазасын өтеуде. Аталған факті Шу стансасының желілік полиция бөлімінде тіркелген. Тексеру жүргізіліп жатыр. Ер адам отбасымен бірге», - деп атап өтеді департаменттен.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT