Жамбыл облысында көпбалалы отбасылар қоныс тойын тойлады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – 1 қыркүйек – Білім күніне орай Жамбыл облысының Жамбыл ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл ауданының Аса ауылындағы «Бәйтерек» ықшам ауданында салынған үйдің пайдалануға беру салтанатына облыс басшысы Асқар Мырзахметов қатысып, пәтер иелеріне кілттерді табыстады.


Арендалық негізде берілген пәтерлерге ие болғандардың дені көпбалалы және толық емес отбасылар. Барлығы 18 отбасы қоныс тойын тойлауда. Тұрғын үй аудандық бюджет есебінен бой көтерді. Жалпы құны – 146,9 миллион теңге.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс бойынша 120 көпбалалы отбасыға пәтер кілті табысталған болатын. Оның 93-і - арендалық, 27-сі демеушілер есебінен тегін берілді. Жыл соңына дейін 493 көпбалалы жанұяны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланған болатын. Сондай-ақ, тұрғын үй кезегі келгенге дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.


Бұдан бөлек, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биыл жалпы 17,6 млрд теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Жалпы, Конституция және Білім күні мерекелеріне орай облыс бойынша 800-ге жуық пәтерді құрайтын 11 көпқабатты тұрғын үй қолданысқа тапсырылды. Оның 9-ы Тараз қаласында, екеуі Жамбыл және Талас аудандарында салынған.

.


Соңғы жаңалықтар