+7 (701) 759 90 19
USD 432.64 EUR 505.02
RUB 5.47 CNY 64.7
Jańalyqtar

Жамбыл облысында ҚМДБ-ның 30 жылдығына 3651 түп ағаш отырғызылды

2020 жылғы 25 қыркүйек 05:00
Бөлісіңіз:
Жамбыл облысында ҚМДБ-ның 30 жылдығына 3651 түп ағаш отырғызылды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) 30 жылдығына 3651 түп көшет отырғызылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы ЖЭО-2 газға ауыстыруға қанша қаражат керек Түркістан облысында 2 қарашадан бастап мешіттерде 5 уақыт намаз оқыла бастайды Экологиялық этиканы қалыптастыруға үндейтін экософия тұжырымдамасы бекітіледі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елімізде «Жасыл Қазақстан» эко-шарасы қолға алынған болатын. Аталған шара аясында еліміздің барлық өңірлерінде тал отырғызылып, даламыздың көркеюіне үлес қосу басты мақсат болды.

«Науқан аясында Жамбыл облысы бойынша 3651 түп ағаш егілді, соның ішінде 1070 түбі жеміс талы, туя, қара ағаш, терек, тағы басқалар бар. Игі шара алғашқы болып Тараз шаһарынан бастау алып, облыстың рухани жүрегі болған Алла үйінің ауласына, қала мешіттерінде ағаштар егілді. Аталмыш шара бүгін Меркі және Жамбыл аудандарында жалғасты. Жамбыл ауданы бойынша Бектөбе, Айша бибі, Бәйдібек мешітерінде жалпы 60 түп егілсе, Меркі ауданы бойынша 30 дарақ бойын тіктеді»,-дейді Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ақерке Бекқұлова.

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, бас имам Бейбіт қажы Мырзагелдиев Меркі ауданында өткен игі шараға қатысып, өзі бастап ағаш екті. Сонымен қатар, «30 жылдыққа 30 мың тал отырғызу» науқанының маңызына тоқталып, ел амандығы үшін дұға жасап, бата берді.

Айта кетейік, бұл маңызды шараны мешіт қызметкерлері, имамдар, мешіт жамағаты бірлесе атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Сая Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT