Жамбыл облысында қатты жел соғады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының аумағында алдағы екі күнде қатты жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«26, 27 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с болады. 26 ақпанда күндіз, 27 ақпанда түнде екпіні 23-28 м/с жетеді. Кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

26 ақпанда күндіз, 27 ақпанда түнде Тараз қаласында оңтүстік-батыс, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, кей уақытта жылдамдығы секундына 23 метр болуы ықтимал. Кей уақытта тұман күтіледі», делінген синоптиктер болжамында.


Соңғы жаңалықтар