Жамбыл облысында кәсіпкерлердің отбасына шабуыл жасады деген күдікпен үш адам ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Байзақ ауданында қарақшылық тонау жасады деген күдікке ілінген үш азамат ұсталды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-нен.

«Қолдарына травматикалық және суық қаруды ұстап кәсіпкерлердің отбасына шабуыл жасаған қылмыстық топтың үш мүшесі ұсталды. Шабуыл салдарынан 72 жастағы үй иесінің аяғына оқ атылып, ол көптеген дене жарақаттарын алған. Қаскүнемдер жәбірленушілерден 200 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат пен алтын бұйымдарын алып кеткен», - делінген құқық қорғау ведомствосының ресми хабарламасында.

Ұсталғандар - Тараз және Байзақ ауданының 25 пен 35 жас аралығындағы тұрғындары тергеу абақтысына қамалды. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталу үстінде.

Аталған фактімен ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар